A /H1N1 тұмауына байланысты қажылыққа баратындардың жасына биылғы шектеу қойылды
Бұл туралы бүгін Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, бұл шектеу Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мұсылман елдері бойынша Мысырда орналасқан өкілдігінде 23 шілде күні өткен 5 араб елінің денсаулық сақтау министрлерінің бас қосуында қабылданған.Басқосуда жас мөлшерімен қатар жүкті әйелдер, жүрек, бауыр, бүйрек, диабет ауруларымен ауыратындар да қажылықққа баратындар қатарынан шығарылған.Бұнымен қатар, қажылыққа баратындар виза алардан 2 апта бұрын тұмауға қарсы вакцина жасатып, елшілікке арнайы анықтама тапсыруы тиіс және денсаулық сақтау органдарынан арнайы сертификат алуы керек.Бұл тек Қазақстанға ғана емес барлық мұсылман елдеріне қойылған талап.
«Анықтаманың жалған берілмеуін денсаулық сақтау министрлігі арқылы қатаң бақылау үшін қазір ҚР Премьер-Министріне арнайы хат дайындаудамыз.Сондай-ақ Сауд Арабиясының Денсаулық сақтау министрі Фуад бен Абдуссалам әл-Фарисидің бізге жолданған нұсқау хатын басшылыққа ала отырып, қажылық миссиясының құрамында медициналық топ та болады.Жалпы қажылық сапары ҚМДБ және ҚР Әділет министрлігінің Діни істер комитетінің үнемі назарында болады», деді Бас мүфти.