17:39, 07 Қыркүйек 2009 | GMT +5
А/H1N1 тұмауынан 3 мыңнан астам адам көз жұмды
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - А/H1N1 вирусының құрбандарының саны күн сайын артып келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, өткен аптаның соңындағы жағдай бойынша 3,27 мың адам осы қатерлі вирустың құрбаны болған,
деп хабарлайды «Новый Регион» басылымы.
Оған қоса, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, Жер шарының тағы 270 812 тұрғынынан «доңыз тұмауы» диагнозы зертханалық жолмен расталған.