А/H1N1 тұмауының ошағы үш ресейлік балалар үйінде тіркелді
АСТАНА. Қазанның 12-сі ҚазАқпарат - А/H1N1 тұмауының ошағы Ресейдегі бірнеше балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында тіркелгенін мәлім етті Ресейдің бас санитарлық дәрігері Геннадий Онищенко,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Интерфакс» сайтына сілтеме жасап.
Роспотребнадзор басшысының ақпараты бойынша, дәрігерлер Киров облысындағы №1 мектеп-интернаттың 23 тәрбиеленушісі А/H1N1 тұмауын жұқтырған деген күдіктерін жасырмайды. Онищенко аталмыш мекеменің 13 тәрбиеленушісінің ауруханаға жатқызылғанын атады.
Бас санитарлық дәрігер сонымен қатар, жаңа тұмаудың диагнозы Ямал-Ненец автономиялық округіндегі мектеп-интернаттың 13 баласында расталғанын хабарлады. Сонымен қатар, жұқпалы ауру Мәскеу облысының Люберцы қаласындағы түзеу мектеп-интернатының бірнеше тәрбиеленушілерінен табылғаны да расталды. Онищенко балалардың аурулары жеңіл түрде өтіп жатқанын атады.