А/H1N1 вирусы... құстардан табылды

АСТАНА.  Тамыздың   21-і. ҚазАқпарат -  «Доңыз тұмауы» деген  атпен танымал  А/H1N1    тұмау вирусы  алғаш рет  адамнан,  тіпті  доңыздан емес,    құстардан  табылып  отыр,  

А/H1N1 вирусы...     құстардан   табылды

деп хабарлады   жұма күні Рейтер  агенттігі.

 Чилидің  денсаулық сақтау министрлігі  өкілдерінің айтуынша, А/H1N1  тұмауының вирусы    елдің екі фермасында өсіріліп-сатылатын   күркетауықтардан  табылған.

 Мәтініне  агенттік  сілтеме  жасап отырған  мәлімдемеде індет   ошағының бақылауға  алынғаны,   ал   құстың еті мен одан жасалатын өнімдердің  қауіпсіздігі  және оларды   тұтынуға   болатындығы   атап көрсетіліп  отыр.

 Дүниежүзілік  денсаулық сақтау  ұйымының аймақтық     бюроларының  соңғы мәліметтері  бойынша,    әлемде 2,1 мыңнан  астам  адам  A/H1N1 тұмауының  құрбаны  болып  отыр,  ал вирусты  жұқтырғандардың  жалпы саны 230 мыңнан  асқан.