А/H1N1 вирусын жұқтырғандардың саны әр үш күн сайын еселене түсетін болады - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

АСТАНА. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат - А/H1N1 тұмауын жұқтырғандардың саны көптеген елдерде өзінің шарықтауына жетпейінше, әр үш-төрт күн сайын еселене түсетін болады,

А/H1N1 вирусын жұқтырғандардың саны әр үш күн сайын еселене түсетін болады - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.

 «Белгілі бір сәттерде А/H1N1 тұмауын жұқтырғандардың саны күрт өсетін болады. Тұмаудан адам өлімі де арта түсетіні түсінікті», - деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тынықмұхиттық бөлімшесінің басшысы Син Ионг-су (Shin Young-soo) Бейжіңде өткен денсаулық сақтау министрліктері өкілдерінің және денсаулық сақтау бойынша сарапшылардың конфренциясында.

 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аймақтық бюроларының соңғы мәліметтері бойынша әлемде 2,1 мың адам А/H1N1 тұмауының құрбаны болған, ал ауырғандардың саны 230 мың адамнан асып түскен.