А/H1N1 вирусынан 2 837 адам қайтыс болды - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

НЬЮ-ЙОРК-ЖЕНЕВА.   Қыркүйектің 5-і. ҚазАқпарат /Әлия  Алтынғазина/ -  Дүниежүзілік  денсаулық сақтау  ұйымы  А/H1N1 вирусын  жұқтырудың салдарынан    2 837 адамның   көз жұмғанын    хабарлады.
None
None

Соңғы ақпараттар  бойынша,   Ұйымға   тұмаудың  жаңа түрін жұқтырудың   шамамен 254  мың   оқиғасы    туралы  хабар  түскен.   Жекелеген  фармацевтикалық  компаниялар    шілде айында А/H1N1 вирусына қарсы вакцинаның  әзір екенін   жария еткен болатын,  бірақ    ол препараттар    сәйкес органдардың    тіркеуінен   өтулері керек.

 Дүниежүзілік  денсаулық сақтау  ұйымының  Вакциналарды  зерттеу  жөніндегі   бастамалар   директоры   доктор Мари-Поль Кини,  вакциналардың   жеке  нарықта    таратылмайтынын,     иммундаудың басымдығын анықтаумен    үкіметтік мекемелер  айналысатынын   мәлім етті. Ал Құрама Штаттарда    бірінші кезекте  балаларға    егу  жүргізу жайлы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар