А/H1N1 вирусынан ауырғандардың саны әлемде 227539 адамға жетті
АСТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аймақтық бюроларының деректерін ескергенде 2009 жылғы тамыздың 15-індегі жағдай бойынша А/H1N1 вирусымен ауырғандардың зертханалық расталғандар саны әлемде қайғылы аяқталған 2045 жағдайды қоса алғанда 227539 адамды құрайды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Iran.ru сайтына сілтеме жасап.
Аурудың жұғу жағдайлары Мексикада, АҚШ-та, Канадада, Жаңа Зеландияда, Ұлыбританияда, Израильде, Испанияда, Австрияда, Германияда, Данияда, Нидерландыда, Швейцарияда, Қытайда, Кореяда, Францияда, Коста-Рикада, Италияда, Сальвадорда, Колумбияда, Ирландияда, Португалияда, Гватемалада, Швецияда, Польшада, Бразилияда, Аргентинада, Австралияда, Жапонияда, Панамада, Норвегияда, Таиландта, Кубада, Финляндияда, Бельгияда, Эквадорда, Перуде, Үндістанда, Малайзияда, Түркияда, Чилиде, Грецияда, Филиппинде, Исландияда, Ресей Федерациясында, Гондураста, Кувейтте, Бахрейнде, Сингапурде, Чехияда, Румынияда, Уругвайда, Доминикан Республикасында, Словакияда, Багамда, Боливияда, Кипрде, Эстонияда, Венгрияда, Ямайкада, Парагвайда, Венесуэлада, Вьетнамда, Болгарияда, Египетте, Ливанда, Никарагуада, Барбадоста, Люксембургте, Сауд Аравиясында, Кайман аралдарында, Доминиканда, Тринидад және Тобагода, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Украинада, Газа Секторында, Мороккода, Бермудта (UK), Виргин аралдарында (UK), Иорданияда, Кюрасао аралында (Нидерланды), Катарда, Француз Полинезиясында, Мартиника аралында (Франция), Самоада, Мен аралында (UK), Джерси аралында (UK), Шри Ланкада, Йеменде, Лаоста, Оманда, Папуа-Жаңа Гвинеяда, Сен-Мартен аралында (Нидерланды), Оңтүстік Африка Республикасында, Фиджиде, Алжирде, Бангладеште, Бруней Даруссаланда, Словенияда, Антигва және Барбудада, Камбоджада, Кабо-Вердеде, Эфиопияда, Латвияда, Черногорияда, Тунисте, Вануатуда, Кот-д Ивуарда (Піл Сүйегі жағалауы), Индонезияда, Иранда, Сербияда, Гернсиде, Иракта, Литвада, Непалда, Жаңа Каледонияда, Кенияда, Маврикидте, Мьянмеде, Сент-Люсиде, Босния және Герцоговинада, Мальтада, Арубеде (Нидерланды), Палауда, Угандада, Кука аралдарында, Ливияда, Македонияда, Хорватияда, Гваделупада (Франция), Әулие Мартин аралында, Гайанда, Сирияда, Пуэрто Рикада, Виргин аралдарында (АҚШ), Сейшелде, Танзанияда, Ботсванда, Белизде, Гаитиде зертханалық сынамалармен расталған.