Ә.Исекешев: Астана күні – бүгінде барша Қазақстан халқы тойлайтын ортақ мереке

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елордалықтар мен қала қонақтарын Астана күнімен құттықтады.

Ә.Исекешев: Астана күні – бүгінде барша Қазақстан халқы тойлайтын ортақ мереке

Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!


Сіздерді еңселі елорда­­мыз­дың төл мере­кесі - Астана күнімен құттықтаймын!

 Сіздерді еңселі елорда­­мыз­дың төл мере­кесі - Астана күнімен құттықтаймын!
Астана күні - бүгінде барша Қазақстан халқы тойлайтын ортақ мереке. Елордамыз Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдығына экономикасы қуатты, индустриялық-ин­­но­­вациялық әлеуеті ны­ғай­ған қала ретінде жетіп отыр.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Астана келбеті - ұлт келбеті» деген сөзі бар. Уақыт өткен сайын көркейген қаламыздан егемен еліміздің даму бейнесін көруге бо­лады. Мұның бәрі - дұрыс ой­­ластырылған жос­пар мен қа­жырлы еңбектің, ұйымшылдық пен ішкі татулықтың нәтижесі.
Әрдайым атар таңымыз ашық, алатын асуымыз биік болғай!

Ізгі ниетпен,
Әсет Исекешев
Астана қаласының әкімі