Ә.Исекешев Қазақстандағы ұтқыр такси қызметі жұмысына қатысты пікір білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Қазақстандағы такси немесе жеке жүргізушілерді шақыруға арналған Uber, In driver, aparu сынды мобильді қосымшаларын әзірлейтін компаниялардың жұмысына қатысты пікірін Facebook-тегі парақшасында білдірді.
None
None

«Uber, In driver, aparu қатысты: көпшілік жағдайды анықтауды өтінуде. Ешқандай өрескелдігі жоқ. Жеке өз басым бәсекелестікті жақтаймын. Барлық компаниялар Қазақстанда заңнаманы сақтау шарттарымен жұмыс істей алады. Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен Жолаушылар тасымалдау ережесі бекітілген. Онда жүргізушілердің медициналық және көліктің техникалық тексеруден өтуі бөлігінде талап бар. Мұның барлығы да жолаушылардың мүддесі үшін жасалып отыр. Бұйрық

жария етілді және біраздан бері қолданысқа енгізілген. Екінші жағынан мұндай компаниялардың жұмысы бұл саланы көлеңкеден шығарып, мемлекетке салық алуға мүмкіндік береді. Қылмыс төмендейді. Өйткені, кандай такси кімде алып бара жатқаны білініп тұрады. Әрине, бұған қоса туристер үшін Uber қосымшасы да жақсы таныс», - деп атап өткен министр.

Бұған қоса Ә.Исекешев Aparu сынды компания стартаптарды қолдау бағдарламасы аясында көмек ала алуы да мүмкін екендігін баса айтқан.

«Әрине, егерде Aparu сынды отандық компаниялар бәсекелес болып дами түссе, қуанышты болар едім. Айтпақшы, олар отандық өнім ретінде стартаптарды қолдау бағдарламасы аясында көмек те ала алады»,- деп жазды министр өзінің Facebook-тегі парақшасына.

Соңғы жаңалықтар