Ә. Исекешев өңірлерде ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы барысын тексереді

АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Ақтөбе және Қостанай облыстарында ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы барысын тексереді.

Ә. Исекешев өңірлерде ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы барысын тексереді
Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті. «2 қазанда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының іске асуы барысымен, сондай-ақ Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған және салынып жатқан нысандармен танысу мақсатында Ақтөбе мен Қостанай облыстарына барады»,-деді ресми өкіл. Атап айтқанда, Ә. Исекешевтің қатысуымен «Ақтөбе-Инвест-2013» инвестициялық бірінші форумын өткізу жоспарланған.