Ә.Исекешев сапалы жобалардың тапшылығын мойындады

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Шынымен де, бүгінде жоғары сапалы жобалардың тапшылығы маңызды мәселеге айналды.
None
None

Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев осылай айтты.

«Негізі, жобалардың сапасы Индустриаландыру картасының негізгі көрсеткіші ретінде белгіленген болатын. Өкінішке қарай, қазір ондай жобалар тапшы. Бүгінде облыстар, ұлттық компаниялар мен бизнес іске асырып жатқан жобалардың ішінде жоғары сапалы бастамалар аз. Олардың нақты стратегиялары жоқ. Сондықтан алдағы уақытта жобалардың сапасына жоғары талап қойылады. Әсіресе, индустиялық-инновациялық даму бағдарламаның екінші бесжылдығы барысында осы мәселеге ерекше көңіл бөлінбек», - дейді Ә.Исекешев.

Соңғы жаңалықтар