15:21, 06 Шілде 2010 | GMT +5
А.Каранеев елордада өткізілген турнирде қазақстандық бильярдтың жоғары деңгейде екендігін тағы бір паш етті
АЛМАТЫ. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Данияр Сихымбаев/ - Астанада Елорда күніне орайластырылған еркін пирамида әдісі бойынша «Бильярд жұлдыздары» халықаралық мерекелік турнир өз мәресіне жетті.

Астана мен қала қонақтарын бильярд жұлдыздары - 16 мықты спортшы өз өнерлерімен тәнті етті. Олардың арасында - әлем, Еуропа, Азия және Ресей, Қазақстанның, Украина, Беларусь және Қырғызстанның чемпиондары бар. Қазақстандық Әлихан Каранеев Украина өкілі Александр Паламерді айқын басымдықпен жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Үшінші орынды Ярослав Винокур (Украина) мен Андрей Фрейзе (Ресей) бөлісті.
А.Каранеев қазақстандық бильярдтың жоғары деңгейде екендігін тағы бір паш етті. Өз кезегінде турнир қонақтары қазақстандықтардың қонақжайлығы мен риясыздығын атап өтті.