Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында балалар үйінде тәрбиеленушілердің фото көрмесі ашылды

      АЛМАТЫ. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда  Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында «Балалардың тіршілігі» атты  балалардың фото көрмесі ашылды,
None
None

    деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Көрмеге Алматы және Алматы облысындағы үш мектеп интернаттың  және балалар үйінде тәрбиеленуші 70-тен аса балалардың соңғы 3 жылда түсірген 212 жұмыстары қойылған. Фото көрме 2007 жылдан «Фотонастия» әлеуметтік жобасы аясында «Шын жүректен» атты қоғамдық қордың ұйымдастыруымен іске асып келеді.

         «Біз бұл көрмені, биылғы жылдың қараша айының 29-ы күні  дүниеден өткен  қазақстандық фотосуретші Едіге Ниязовты еске алу құрметіне арнаймыз. Ол «Фотонастия» жобасының көш басында тұрған адамдардың бірі. Осы жоба арқылы ол Павлодар қаласында балалар фотомектебінде жетекшілік етіп, көптеген шәкірттерді тәрбиелеп, бар білгенін үйретуден жалықпаған ұстаз еді», деп еске алды «Фотонастия» әлеуметтік жобасының үйлестірушісі Татьяна Филонова.

         Ең үздік фото суреттердің авторлары  қаңтар айының 9-ы күні марапатталатын болады. Фото көрме қаңтар айының 10-на дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар