Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында «Алтын адам туралы аңыз » атты көрме өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ -  Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында  Бақытбек Талқамбаевтің 60 жасқа толуына арналған «Алтын адам туралы аңыз» атты  жеке көрмесі өтіп жатыр, 

Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында «Алтын адам туралы аңыз » атты  көрме өтіп жатыр

 

деп хабарлайды ҚазАқпарат  өнер мұражайына сілтеме жасап.

Көрмені емші-суретші Бақытбек Талқамбаевтың «Дауа» атты арт-шипалы студиясы ұйымдастырған. Аталмыш студияда әр жастағы адамдар суретпен, кескіндемемен айналыса келе өз бойларындағы  сырқаттардан арылуға жол табады екен. Көрменің өзгешелігі де осы. Қала тұрғындары көрмеде   Бақытбек Талқамбаевтың өз туындыларымен қатар шәкірттерінің жұмыстарымен де танысып, тамашалай алады.

 Суретшінің ерекшелігі, ол шығармашылықты Жаратушының табиғатпен тілдесуге берген зор мүмкіндігі ретінде қабылдайды және өзі де бұл құбылысқа бар болмысымен мойын ұсынған. Ол 20 жылдан бері «Дауа» студиясында көзге көрініп тұрған бейнелеуден мүлдем бас тартып, «шексіз тіршілік пен мәңгілік ақиқаттың» үнсіз тілдесуін ашып көрсететін таңбалы өрнектен құрылған композициялар жаза бастаған. Осы тәжірибе нәтижесінде еркін шығармашылық жүйесіне сүйенген жүйкені қалпына келтіру әдістемесін жасады. Оның айтуынша: «Студияда шұғылданған адамдар біртіндеп өз бойларындағы дерттерінен арылып,табиғи күш-жігеріне жол тауып, өзіне деген сенімдері беки түседі», дейді емші-суретші Бақытбек Талқамбаев.

 Көрме тамыз айының 21-не дейін өтеді.