Ә. Кекілбайұлы қай қызметтің тізгінін ұстаса да халқына деген перзенттік парыздан ешбір айныған жоқ - Н. Назарбаев
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз ел болып бірлесе, бір жағадан бас, бір жеңнен қол, бір ауыздан сөз шығарып - Тәуелсіздіктің тұғырын бекіте бермекпіз. Жаңа мыңжылдықтың жаңа парағын аштық. Халқымыздың ауызбірлігі мен еңбекқорлығы арқасында осынау 18 жылда ғасырға тең жылдарды артқа тастадық. Міне, осы жетістіктер мен табыстардың барлығы да еліміздегі есімі белгілі азаматтардың ерен еңбектерінің нәтижесінде жүзеге асты. «Біткен іске сыншы көп», дейді халқымыз. Еліміз үшін аса маңызды тарихи сын күндері менің жанымда болып, жасампаздықпен еңбек еткен, қолдаған, қиын-қилы күндерде адалдығын көрсеткен серіктестерім баршылық. Сондай серіктес жандардың маңдай тері мен қосқан үлесін осындай арқалы жиын, абыройлы кештерде айтып өту керек», деді Елбасы.
«Басқару дегеніміз - түзеу» деп Конфуций айтқандай, біз қателесе жүріп, түзелдік. Ә. Кекілбайұлы мемлекттік кеңесші, ұлттық саясаттың ұраншысы, кәсіби Парламенттің тұңғыш төрағасы болып, парламентаризмнің қалыптасуына үлес қосты. Қай қызметтің тізгінін ұстаса да жоғары жауапкершілік, халқына деген перзенттік парыздан ешбір айныған жоқ», деді Н. Назарбаев.