«А» корпусы қызметінің кадр резервіне құжаттарды қабылдау мереке күндері де жүргізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне құжаттарды қабылдау мереке күндері де жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметінде хабарланды.
None
None

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2014 жылдың 21 наурызы мен 26 наурызын қоса алған кезеңде сағат 10.00-18.00 дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-14.30 дейін) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің орталық аппаратында және аумақтық департаменттерінде жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департтаменттері құжаттарды биылғы 13-і мен 28 наурызды қоса алған кезеңде қабылдайды. Үміткерлердің көпе-көрнеу жалған ақпаратты және құжаттарды ұсыну фактілерінің анықталуы оларды іріктеудің кез келген кезеңінде шығаруға негіз болып табылады.

Соңғы жаңалықтар