«А» корпусына өте алмаған мемқызметшілер резервке алынды

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - «А» корпусына өте алмаған мемлекеттік қызметшілер резервке алынды. Бұл туралы бүгін «А» басқарушы корпусы мемлекеттік қызметшілермен кеңес өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«А» корпусы аттестациясынан өтпеген мелмекеттік қызметшілердің резервке алынғанын баса айтқан Елбасы: «Бұл байқау мәселесі - болашақтың ісі. Оны сараптау қажет. Біз ауыл әкімдерінен бастап Әділет министрлігінің қызметкерлеріне дейін заңдардың барлық тармақтарын тыңғылықты білуді талап еттік», - деді.

Бұл ретте Мемлекет басшысы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аталған салада кемшіліктер жібергендігін атап өтті.

«Байқаудан өтпегендер өздерін бәрінен қалыс қалдым деп санамасын. Ол адам резервте болады әрі болашақта бұл корпусқа оралуға барлық мүмкіншігі бар», - деді ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар