«А» корпусындағы лауазым саны екі есеге қысқартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «А» корпусындағы лауазым саны екі есеге қысқартылды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызмет істері департаменті директорының орынбасары Әйгерім Әмірова мәлім етті.

«А» корпусындағы лауазым саны екі есеге қысқартылды

«5 сәуірде Президент Жарлығымен «А» корпусының лауазым тізімдері оңтайландырылды. Сараптама барысында кейбір лауазымдарда басқарушылық өкілеттік жоқ екенін анықтадық. Мысалы, орталық мемлекеттік органдарлың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, тәуелсіз басқару шешімдерін қабылдамайтын сектор басшылары, Президент Әкімшілігінің сектор меңгерушілері. Лауазым тізімі шамамен екі есеге - 519-дан 278-ге дейін қысқартылды. Бұл олармен қызметте жоғарылауы, оқытылуы бойынша нақты жұмыс істеуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті ол.

Әйгерім Әмірованың айтуынша, осы жұмыстардың нәтижесінде «А» корпусында басқару өкілеттілігі бар төрт лауазым категориясы қамтылып отыр. Олар - жауапты xатшылар, комитет төрағалары, жергілікті және орталық аппарат басшылары мен аудан әкімдері.

Сонымен қатар барлық азаматтардың арасында конкурстық іріктеумен бірге, мемлекеттік орган қызметшілерінің қосымша қызмет сатысын жылжу меxанизмі қарастырылған. Осылайша, «А» корпусы кадрлық резервіне жалпы іріктеу конкурсын күтпей-ақ, кадрлық саясат бойынша Ұлттық комиссияның шешімімен ауданда немесе ведомствода, осы мемлекеттік қызметші резервтің есебіне қосылады. Сондай-ақ тұлға осы лауазымға екі жыл ішінде ие болуы тиіс.