«А» корпусының әкімшілік қызметшілері біліктіліктерін арттыруда

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында облыстар, Астана мен Алматы қалалары әкімдері аппараттарының басшылары үшін «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру семинары өтуде. 5 қазанға дейін жалғасатын семинар қорытындысында тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылады.
None
None

Семинардың мақсаты - тыңдаушылардың жобаларды басқару бойынша құзыреттерін дамыту, мемлекеттік органдардағы ішкі аудиттің негізгі аспектілерімен таныстыру, көшбасшылық дағдыларды жетілдіру, қақтығыстану саласындағы білімді кеңейту, сондай-ақ әлеуметтік қақтығыстардың алдын алу мен шешу.

Семинардың ашылуында ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары Ғабидолла Әбдірахымов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Байменов, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірасылов құттықтау сөз сөйледі.

Үш күндік семинардың бағдарламасы блок-модуль принципі бойынша құрастырылған. Оны әзірлеуге Еуропалық Одақтың сарапшылары қатысты.

Семинардың бірінші күні «Policy Advisory Group» сарапшылары интерактивті тренинг өткізді. Онда жобаларды басқарудағы басты дағдылар нақты мысалдармен көрсетілді.

Екінші күні әлемдегі жетекші мамандардың бірі - Шпайер Академиясынан доктор Джулия Флейшер (ГФР) мемлекеттік органдарда ішкі аудитті жүргізудің әдіснамасы мен еуропалық тәжірибесі туралы айтып береді. Біздің елімізде қазіргі уақытта осы проблема бойынша нормативтік құқықтық база әзірленіп жатқанын атап өту керек.

Қорытынды күні ENA-ның танымал сарапшысы (Франция Ұлттық мемлекеттік басқару мектебі) Пьер Жевар әлеуметтік шиеленістерді басқаруға басты назар аудара отырып, көшбасшылық бойынша тренинг өткізеді, онда әлеуметтік шиеленістердің алдын алу мен шешу шаралары қарастырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар