13:17, 29 Мамыр 2013 | GMT +5
«А» корпусының кадр резервіне іріктеу барысында Алматы қаласы мен Маңғыстау облысының барлық әкімдері сынақты сәтті тапсырды
АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - «А» корпусына тестілеуде сапалық және жүйелік көрсеткіштер маңызды.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «А» корпусының кадр резервіне іріктеудің бірінші сатысының қорытындысы туралы баяндау кезінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов мәлім етті.
«Осы тестілеуден нақты қай қызметкер жақсы өтті немес өте алмағаны туралы қазір атай алмаймын. Себебі, бұл мен үшін маңызды емес. Мен үшін сапалық және жүйелік көрсеткіштер маңызды, яғни бұл агенттік аясындағы ұстаным. Өз кезегінде біз талдау жасап, оны ұлттық комиссияның отырысына ұсынатын боламыз»,-деді агенттік басшысы.
«Мендегі бар ақпарат бойынша Алматы қаласы мен Маңғыстау облысының барлық аудан, қала әкімдері сәтті тапсырған»,-деп түйді Ә. Бәйменов.