«А» корпусының кадрлық резервіне үміткерлерді тіркеу ертең аяқталады - Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2013 жылдың 2 мамырындағы жағдай бойынша «А» корпусының кадрлық резервіне 1 300 адам құжаттарын тапсырғанын хабарлайды.
None
None

Түскен құжаттардың өңделуіне қарай "А" корпусының кадрлық резервіне үміткерлердің тізімі Агенттіктің www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурсында жарияланып отырады.

Құжаттарды қабылдау 2013 жылғы 3 мамырға дейін жалғасады, іріктеу ережесі Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылған.

Соңғы жаңалықтар