«А» корпусының кандидаттарына тестілеу басталды - Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - 15 және 27 мамыр аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде «А» корпусының кадр резервіне алуға құжат тапсырған кандидаттарға тестілеу өткізіледі.

 «А» корпусының кандидаттарына  тестілеу басталды - Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Тестілеу Агенттіктің www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылатын кестеге сәйкес өткізілетін болады.

Бірінші күні кандидаттар Қазақстан Республикасының он заңын білу бойынша компьютерлік тестілеуден өтеді. Шекті деңгейді еңсеру үшін кандидаттар әрбір заңда мүмкін болатын 10 сұрақтың 7-не дұрыс жауап беруі қажет.

Заңнаманы білуіне тесттің шекті деңгейін еңсерген кандидаттар жеке және басқарушылық құзыреттерін (әдептілік, коммуникативтілігі, бәсекеге бағдары және сапаға бағдарын) анықтау тестіне жіберіледі.

Екінші күні кандидаттар логикалық вербальды емес тесттен (Равенна кестесі) және мемлекеттік тілді білуіне тесттен (ҚАЗТЕСТ) өтеді.

Тестілеу залдары бейнебақылау камераларымен жабдықталып, ақпараттық қауіпсіздікке жауапты тұлғалар айқындалған. Тестілеуге қатысушылардың тестілеу уақытында ұялы телефон және басқа да техникалық құралдарды қолдануға жол берілмейді.

Қатысушылар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне тестілеу басталғанға дейін алдын ала келуі және өзінде жеке куәлігі болуы қажет