«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары туралы - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығы

АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығына қол қойылды.
None
None

«ҚазАқпарат» құжаттың мәтінін таратады.


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығы № 06-7/34

2013 жылғы 19 наурыз

«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары туралы

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 13-бабының 5-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (Т.Қ. Жұмағұлов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық оны бірінші рет ресми жариялағаннан бастап қолданысқа енгізіледі бірақ, 2013 жылғы 26 наурыздан ерте емес.

Төраға Ә. Байменов.

Қосымшаның мәтіні республикалық БАҚ-та жарияланған.

Соңғы жаңалықтар