13:07, 09 Шілде 2009 | GMT +5
А. Күрішбаев тұрақтандыру қорын құру үшін облыс әкімдіктерін Азық-түлік корпорациясына жәрдем көрсетуге шақырды
АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде осы ведомствоның басшысы Ақылбек Күрішбаев тұрақтандыру қорын құру үшін облыс әкімдіктерін Азық-түлік корпорациясына жәрдем көрсетуге шақырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазірден бастап тұрақтандыру қорын құруды ойластыру қажет. Әсіресе бұл еліміздің батыс облыстары үшін керек. Бұл ретте Азық-түлік корпорациясына астықтың мемлекеттік ресурстарын қалыптастыруда жәрдем көрсетуге айрықша назар аудару қажет. Бұл жұмыс егін жинау науқанынан кейін де жалғасады. Сондықтан, облыстарды тұрақтандырушы қормен қамтамасыз ету үшін тиісінше әкімдіктердің қолдауы мен көмегі қажет», деді алқада А. Күрішбаев.
Оның айтуынша, Азық-түлік корпорациясы қазір ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерден 1 млн. тоннаға дейін астық сатып алуда.