Ә. Құсайынов: Жұмыс берушілер қызметкерлерін өндірістегі жарақат үшін сыйақы бермеймін деп қорқытады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұмыс берушілер өндірістік жарақаттардың көрсеткішін жасыруды әдетке айналдырып отыр.

Ә. Құсайынов: Жұмыс берушілер қызметкерлерін өндірістегі жарақат үшін сыйақы бермеймін деп қорқытады

Бұл туралы бүгін Автомобиль және ауыл шаруашылығы машина құрылысы халықаралық кәсіподақтар бірлестігі кеңесінің отырысында ҚР Кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов мәлім етті.

«Соңғы 10 жылда өндірістік жарақат алу көрсеткішінің төмендеуі байқалуда. Менің ойымша, алайда бұл біршама «қиғаш» көрсеткіш. Қазіргі кезде жарақаттану бойынша істерді жасыруды үйреніп алған. Бөлек ұжымдарда: «Егер де жарақат болса, жұмысшылардың ешқайсысы сыйақы алмайды» деген және басқа да осы тектес шарттар бар. Осыны жасыруға тырысады. Бұндай жағдайлар бар», - деді Ә. Құсайынов.

Бұдан бөлек, ол өндірістегі өлім-жітім тұрғысындағы мәселесіне тоқталды.

«Сонымен қатар өндірістегі өлім-жітім жоғары. Өткен жылы бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 10 пайызға артты. Өндірісте 301 адам ажал құшқан»,-деп түйді төраға.