21:00, 19 Қаңтар 2015 | GMT +5
А. Лукашенко Беларусь шекарасының күзетін күшейтуді тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь Президенті Александр Лукашенко Беларусь Республикасы мемлекеттік шекарасының 2015 жылы күзетілуі туралы шешімін бекітті.
Бұл туралы Беларусь Президентінің ресми сайтынан хабарланады.
Александр Лукашенко шекара қауіпсіздігі мемлекеттік саясаттың маңызды мәселелерінің арасында тұрғанын атап өтті.
Беларусь Президенті шекара қызметі органдарының 2014 жылғы жедел-қызметтің жұмысының қорытындылары туралы баяндаманы тыңдады.
Мемлекеттік шекараны күзетке алу туралы шешімді бекіткенде А. Лукашенко 2015 жылы шекара қауіпсіздігі жүйесін одан әрі жетілдіру, оның заманауи жағдайларға бейімделуі бойынша қажетті тапсырмаларын берді.