А. Лукашенко қайтыс болғаннан кейін өзінің билік құрған уақытына басқаша баға берілуінен қауіптенеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко тарихи оқиғаларды нақты жеке адамға қарата бейімдеп, қарастыруға болмайтынын мәлімдеді, деп жазады Утро.ru.
Саясаткер педагогтердің республикалық конкурсы финалистерімен тарих жөніндегі пікірісайыс кезінде осындай пайым жасады.
«Біз ешқашан да, ең алдымен, гуманитарлық пәндерді біреудің ыңғайына қарай бағыттауға жол бермеуіміз қажет. Бұл мәселеге шынайы, тиісінше адал тұрғыдан келу қажет. Ең қауіптісі, сен кеткеннен кейін барлығын қайта қарай бастайды, тіпті мүлдем сызып тастауы да мүмкін. Бұлай болмауға тиіс», - деп мәлімдеді ол.
А.Лукашенко шығармашыл зиялы қауымды өзін және өзінің президенттік кезеңін мақтауға мәжбүрлемеуге уәде етті.
«Егер интеллигентте - суретшіде, жазушыда өзінің көзқарасы және ұстанымы болса, айтсын», - деді Беларусь басшысы.