А.Мамытбеков: Арзандатылған дизель отыны 81 теңгемен берiлуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылық тауарын өндiрушiлерге арналған арзандатылған жанар-жағармайдың құны өңiрлерде 81 теңге деп бекiтiлген. Бұл туралы бүгiн ОКҚ брифингiсiнде ҚР Ауыл шаруашылық министрi Асылжан Мамытбеков мәлiм еттi.
"Қазiргi уақытта ауыл шаруашылық тауарын өндiрушiлерге арналған арзандатылған жанар-жағармайдың құны өңiрлерде 81 теңге деп бекiтiлген. Бұл нарықтағы бағадан 18 пайызға арзан, оның бағасы литрiне 99 теңге екенi мәлiм. Былтырғыға қарағанда бұл 30 пайызға арзан. Жалпы бекiтiлген жанар-жағармайдың көлемi 366 мың тонна. Оны тиiстi ауыл шаруашылық субъектiлерi алып жатыр", - дедi ол.