А.Мамытбеков пен В.Божко ҚР Премьеріне су шаруашылығы нысандарының техникалық жағдайына техникалық бақылау жүйесін ұйымдастыру туралы баяндады
АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов еліміздегі су шаруашылығы нысандарының техникалық жағдайын бақылау бойынша жұмыс бабындағы кеңес өткізді.
Кеңес Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Астана су қоймасының (бұрынғы Вячеслав) негізінде өтті. Бұл туралы Facebook и Vkontakte-дегі ҚР Үкімет басшысының парақшасында хабарланған.
Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков пен Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко еліміздегі су шаруашылығы нысандарының техникалық жағдайын өкілетті мемлекеттік органдардың бақылау жүйесін ұйымдастыру туралы баяндады.