А. Меркель Украинадағы Еуро-2012-ге байкот жариялауға дайын
АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Германия Канцлері Ангела Меркель өзінің үкіметіндегі министрлерге биыл Украинада өтетін футболдан Еуропа чемпионатын шетқақпайлауды ұсынбақ.
Осы арқылы А. Мекель Юлия Тимошенкоға қарсы жасалған қатаң әрекеттерге өзінің қарсылығын білдірмек, деп хабарлап отыр РБК.
Бұдан бұрын неміс баспасөзі Германия президенті Йоахим Гаук осы себептермен Украинаға сапарынан бас тартқанын жариялаған еді. Сондай-ақ кейіннен Канцлер, Германия Украинаның экс-премьерін немістің клиникаларында емдеу жайында келіссөздер жүргізіп жатқандығын мәлімдеген көрінеді.
Бүгінде А. Меркельдің шешімін немістердің көпшілігі қолдап отыр деген дерекетер айтылуда. Әлеуметтік сауалнамаларға қарағанда, осы шараға қатысқан немістердің жартысынан астамы Германияның Еуро-2012 ойындарына қатысудан бас тартуы керек деген пікірді алға тартып отыр. Ал қалған жартысы бұл ойынды басқа елге көшіру керектігін айтқан екен.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы футболдан Еуропа чемпионаты Украина мен Польшада 8 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді.
Айта кетейік, жақында Facebook әлеуметтік желісінде Ю. Тимошенконы ауруханаға жеткізу кезінде Качановский колониясында оны сабау салдарынан денесіне келтірілген зақымдар жайында фотосуреттер көрсетілген болатын.