А.Мешімбаеваға қатысты қылмыстық іс таяуда сотқа беріледі - И.Меркель

Бағдарлама жүргушісінің сауалына жауап берген ол Швейцарияға бой тасалаған В.Храпуновқа қатысты қосымша ештеңе айта алмайтындығын атап өтті. «Оны бізге экстрадициялау үшін сәйкесінше құжаттар жібердік. Еуропалық нормаға сәйкес, егер Қазақстанда қылмыс жасап жасаған адам тұрып жатқан ел оны бізге бермесе, онда өздері оның қылмыстық ісін өздері жүргізуі тиіс. әзірше оны бізге беру туралы да, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы да мәселе шешілер емес. Біз іс жүзінде ол жаққа қылмыстық істі жібере аламыз, оларды соттары қарасын», - деді И.Меркель.
Оның атап өтуінше, бұл жағдайда «қосарланған стандарт» қолдану туралы айтуға болады. Бұған қоса Еуропаның көптеген елдері ынтымақтастыққа келісіп те жатады. Мәселен, Испаниядан Қазақстанда қасақана адам өлтірген адам қайтарылады. Қазіргі уақытта ол Испанияда жазасын өтеуде. Оны өтеп болғаннан кейн Қазақстанға келіп, қазақстандық сот тағайындаған жазаны өтейін болады. Сонымен қатар Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ядролық қалдықтарды жоюға бөлінген ірі көлемдегі қаржысын ұрлаумен байланысты қылмыстық іс қозғалған Савицкая Чехияда тұтқындалды. Таяу арада ол Қазақстанға қайтарылатын болады.
И.Меркель А.Мешімбаева қатысты оның бастапқыда Біріккен Араб Әмірлігінде, кейіннен Ресейде бой тасалағандығын, ресейлік билік оны Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылдағандығын атап өтті.