А.Мұхамедиұлы: Қазақстан цирктері бір бірлестікке топтастырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан цирктері бір бірлестікке топтастырылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.
None
None

Біздер үшін ең өзекті мәселенің бірі өңірлік және орталық мәдениет ұжымдарын үйлестіру болып отыр. Мәселен, бізде 4 цирк бар. Әрқайсысы - жеке мемлекет. Бір-бірінің не істеп жатқанын білмейді. Бүкіл дүниежүзінде цирктер бірлестікке топтасқан. Дю солей циркі, Ресей циркі бір бірлестік. Ол дұрыс», - деді министр.

Оның атап өтуінше, 1 өңірдегі цирк труппасын жергілікті халық 3-4 айдың ішінде тамашалап шығады. Оны келесі өңірдің екінші труппасы келіп алмастырмаса, онда циркке ешкім бармайды.

«Бізде әр цирк бөлек болғаннан кейін олардың қызметі үйлестірілмейді. Сондықтан халық аз барады. Егер цирктер бір бірлестікке топтасса, одан кейін труппалар бір қаладан екінші қалаға барып өнер көрсететін болса, көрермен қатары молаяр еді»,- деді ол.

А.Мұхамедиұлының айтуынша, өңірлердегі цирктердің кадр, қаржылық мәселелеріне министрлік араласпайды. Мұның барлығы жергілікті атқарушы органның құзырында болады.

Соңғы жаңалықтар