12:33, 29 Желтоқсан 2014 | GMT +5
А.Мұсақожаева әлемдік сахнада өнер көрсететін скрипкасын жалға алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Айман Мұсақожаева әлемдік сахнада өнер көрсететін скрипкасын жалға алады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте танымал скрипкашы, Қазақ өнер университетінің ректорының өзі мәлім етті.
«Негізі, скрипканың түпатасы біздің қобыз деуімізге болады. Ал менің өнер көсретіп жүрген скрипкам 17 ғасырда жасалған. Ол даңқты шебер Антонио Страдиваридің қолынан шыққан. Сондықтан да оның бағасы өте қымбат. Осыдан 15 жыл бұрын біздің мұражайымыз бұл скрипканы Нью-Йорктен сатып алған кезінде құны 700 мың долларға бағаланған еді. Қазіргі бағасы одан да қымбат екендігі анық. Бүгінде мен осы скрипканы мұражайдан айына 100 мың теңгеге жалға аламын», - деді А.Мұсақожаева БАҚ өкілдерінің сауалына орай.