А.Н.Сызғанов атындағы орталық 33 жылдан бері 550-ден астам донорлық бүйрек трансплантациясын жасады
АСТАНА. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында 1978 жылдан бері 550-ден астам донорлық бүйрек трансплантациясы және бір гетеротопикалық бауыр трансплантациясы жасалды.
Орталық өкілдерінің айтуынша, трансплантация бұл - күрделі ұйымдастыруды қажет ететін «ашық» медицина. Мүшені ауыстыру отасын білікті мамандардың көмегінсіз өткізу мүмкін емес. Мәселен, бүйректі ауыстыруға кем дегенде 10 маман және сондай көлемде кіші дәрігерлік қызметкерлер қатысуы тиіс.
Трансплантацияны өткізу - елімізде медицина саласының даму жағдайының интегралды көрсеткіші. Статистикаға сүйенсек, әр 1 млн. адамның 10-ында жүрек ауыстыру қажеттілігі бар. Яғни, Қазақстанда жүрек ауыстыру бойынша жыл сайын 150-160 операция өткізілуі тиіс. А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО-ның мамандары емдеуге болмайтын жүрек ауруына шалдыққан осы 150-160 адам өмір сүре алатындығын сеніммен айтуда. Мүшелерді және тіндерді трансплантациялау және экстракорпоралды детоксикация бөлімдері Орталықта 1978 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінгі күнге дейін мұнда 554 донорлық бүйрек трансплантациясы және бір гетеротопикалық бауыр трансплантациясы жасалды.
Дүниежүзінде бауыр трансплантациясы және жалпы трансплантациялық операциялар жасалу жиіліктері бойынша екінші орында тұр. Науқастардың оталардан кейін тірі қалуы 90 пайызды құрайды. Америкалық Тони Хьюсман донорлық жүрекпен ұзақ жасаған науқас саналады. Ол трансплантациядан кейін 30 жыл өмір сүріп, тері обырынан қайтыс болды.
Қазақстанда барлық елдерде сияқты бауырдың вирусты, аутоиммунды және токсикалық жарақаттанулары, әр түрлі генез цирроздарының жиіліктері және бүйрек трансплантациясының маңыздылығы жыл сайын артып келеді.