А. Нәбиев Республикалық диагностикалық орталық басқармасының төрағасы болып тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алтай Нәбиев «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Мұның алдында А.Нәбиев аталған клиниканың Стратегиялық даму басқармасы басшысының қызметін атқарды, делінген Ұлттық медициналық холдингтің хабарламасында.
А. Нәбиев медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты денсаулық сақтауды ұйымдастыру дәрігері, «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» құрмет белгісінің иегері. Бірнеше жылдар қатарынан нефрология, ревматология бөлімдерін басқарған, облыстық және қалалық медициналық ұйымдарда медициналық директордың қызметін атқарған, содан кейінгі еңбек жолын «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ-да жалғастырды.