А. Новиков ТМД Лаңкестікке қарсы күрес орталығының басшысы қызметінде қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қауіпсіздік және арнайы қызмет басшылары кеңесі ТМД Лаңкестікке қарсы күрес орталығының жетекшісі қызметіндегі полиция генерал-полковнигі Андрей Новиковтың лауазымын 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартты.
None
None

Аталмыш шешім Астанада ТМД Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде қабылданды. Енді бұл шешім ТМД мемлекет басшыларының кеңесінде бекітілуі тиіс.

Полиция генерал-полковнигі Андрей Новиков ТМД Лаңкестікке қарсы күрес орталығына 2006 жылдан бері басшылық етуде.

Соңғы жаңалықтар