A-parking ақылы автотұрақтарының бұрынғы директорларын қамауда ұстау мерзімі ұзарды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Сот «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС-нің бұрынғы директоры Марат Пірінбеков пен AlanParking ЖШС бұрынғы бас директоры Мұхтар Базарбаевты қамауда ұстау мерзімін ұзартты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты мәлім етті.

«12 қыркүйек күні тергеу сотының қаулысымен, сотқа дейінгі тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Марат Пірінбековті қамауда ұстау мерзімін 15 қазанға дейін ұзартылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, 22 тамызда осы сот Alan Parking-тің бұрынғы басшысы Мұхтар Базарбаевты қамауда ұстау мерзімін 2022 жылдың 26 қыркүйегіне дейін ұзарту туралы шешім шығарған болатын.

Еске салайық,14 сәуір күні «Alan Parking» ЖШС директоры Мұхтар Базарбаев екі айға қамауға алынған болатын.

Айта кетейік, Алматыда ақылы автотұрақ жүйесі алғаш рет 2016 жылы енгізілді.

Жоғарыда аталған компаниялардың ақпараты бойынша, ақылы тұрақтардан қаржы айналымы жылына орта есеппен 1,4 млрд теңге болды.


Соңғы жаңалықтар