А.Полторанин Құрылықтағы Кубокта масс-старттың жеңімпазы атанды
АСТАНА. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алексей Полторанин шаңғы жарысынан FIS Құрлықтағы кубогының масс-старт жеңімпазы атанды. Жарыс Австрияда өтті, деп хабарлады Vesti.kz.
Қазақстандық классикалық әдіспен 15 шақырымды 37 секунд және 24,1 секундта жүріп өтті. Ол швейцариялық спортшы Дарио Колоньяны небәрі 7 секундқа басып озды. Үшінші болып ресейлік Александр Легков келді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Полторанин спринтте 7-ші және жеке жарыста 6-шы орында болды.