А.Рау: Индустрияландыру кезеңінде ҚР экономикасының энергия сыйымдылығы 18,6%-ға төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2010-2014 жылдары Қазақстан экономикасының энергия сыйымдылығы 18,6%-ға төмендеді, бұл индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру кезінде жүргізілген энергия үнемдеу саясатының тиімділігін көрсетеді, деп мәлімдеді ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Альберт Рау Астанада өткен қазақстандық-германдық бірінші энергетикалық форумы барысында.

А.Рау: Индустрияландыру кезеңінде ҚР экономикасының энергия сыйымдылығы 18,6%-ға төмендеді

«2010-2014 жылдары елдің энергия сыйымдылығы 18,6%-ға төмендеді, ЖІӨ-дегі сервис үлесі өсіп және ИИДМБ жаңа кәсіпорындары заманауи талаптарға жауап бере бастағанда бұл экономика құрылымының өзгергенін байқатады», - деді А.Рау.

Ол энергия үнемдеу саласында қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін соңғы бес жылда бірыңғай саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

«Бұл орайда заң, нормативтік база қабылданды, мемлекеттік бақылау қамтамасыз етілді. Мемлекеттік-энергетикалық реестр қалыптасып, өңірлік бағдарламалар іске қосылды. Аталмыш шаралар DENA, неміс энергетикалық агенттігімен бірлесе жасалды, қазір ол біздің негізгі серіктес», - деп баса айтты вице-министр.

Қазіргі таңда энергия үнемдеу және энергия тиімділікті көтеру саясаты ҚР-да индустриалды-инновациялық даму бағытының бірі болып саналады. Сондай-ақ, елдің бәсекеге қабілеттілігі мен технологиялық жаңғырту, өнеркәсіп және тұрғын үй коммуналдық саласын көтеруге бағытталған.

«Елбасы 2020 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасында жалпы ішкі өнім энергия сиымдылығын 25%-ға жеткізуді, ал 2050 жылға қарсы 50%-ға жеткізу міндетін қойды», - деді А. Рау.