А.Сәтқалиев «Самұрық-Қазына» қорына қызметке ауысты
АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - «KEGOC» АҚ-ның бұрынғы басшысы Алмасадам Сәтқалиев «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына қызметке ауысты.
«А.Сәтқалиевтің «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына ауысуына келістім», - деп жазды ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Twitter-дегі өзінің жеке парақшасында.
Толық ақпаратты http://pm.kz , www.facebook.com/KMassimov және http://vkontakte.ru/kmassimov сайттарынан да білуге болады.
Айта кетейік, «KEGOC» АҚ-ның Басқарма төрағасы болып Бақытжан Қажиев тағайындалды.
"Бақытжан Қажиевті «KEGOC» АҚ-ның басшысы етіп тағайындадым", - деп жазды ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Twitter-дегі өзінің жеке блогында.