А.Сейдімбектің алты томдық шығармалар жинағы жарық көрді
АСТАНА. Қазанның 18-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі этнограф-ғалым, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, филология ғылымдарының докторы,
профессор Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің алты томдық шығармалар жинағаның таныстырылымы болды.
Жинақтың бірінші томында ғалымның көркем туындылары, очерктері және ән-күйлері берілсе, екінші томда - қазақ халқының мәдениеті, өнері, фольклоры мен этнографиясына арналған еңбектері, үшінші томда - «Қазақтың күй өнері» монографиясы, төртінші томда - «Қазақтың ауызша тарихы. Шежірелік деректерді пайымдау» атты зерттеу еңбегі, бесінші томда - А.Сейдімбектің әр жылдары жазған мақалалары, ал алтыншы томда автордың аударма еңбектері топтастырылған. Осы жинақты жүйелеп, баспаға әзірлеу жұмысына кезінде Ақселеу Сейдімбеков өзі атсалысқан.