А.Смолин ҚР Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Анатолий Смолин Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды.

А.Смолин ҚР  Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы болды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

А.С. Смолинді Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметіне тағайындау туралы

Анатолий Сергеевич Смолин Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 11 желтоқсан

№ 133