«А-Студио» тобы елордада концерт береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 шілде күні танымал «А-Студио» тобы Қазақстан елордасында «Астана» симфониялық оркестрімен бірлесіп, концерт қояды. Бұл жайында аталған концертке қатысатын «The Jigits» тобының әншісі әрі танымал тележүргізуші Батыр Тазабеков Instagram арқылы хабарлады.

«А-Студио» тобы елордада концерт береді

«Symphony'A» жобасының музыкалық продюсері - Байғали Серкебаев. Топтың шығармаларын симфониялық әрлеген - Алмас Серкебаев. Концерт қала күніне орай ұйымдастырылады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл топтың симфониялық оркестрмен бірлескен алғашқы жобасы емес. Осы жылдың сәуір айында «Symphony'A» жобасының тұсаукесері аясында Алматыда «А-Студио» тобы мен Марат Бисенғалиевтің жетекшілігімен Алматы симфониялық оркестрінің үлкен концерті өткен болатын