«А-Студио» және Алматы симфониялық оркестрі Мәскеуде өнер көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «А-Студио» тобы мен Алматы симфониялық оркестрі 25 қазанда Symphony'A жобасымен Мәскеудегі Crocus City Hall сахнасында өнер көрсетеді. Бұл туралы мәскеулік ірі концерт залдары бірінің сайтында хабарланған.

«А-Студио» және Алматы симфониялық оркестрі Мәскеуде өнер көрсетеді

Атақты топтың белгілі хиттары симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен жаңаша естіледі. Шығармаларды симфонияға лайықтап әрлеген композитор, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сайлығының лауреаты Алмас Серкебаев, ол «А-Студио» көшбасшысы Байғали Серкебаевтың ағасы.

Symphony'A бағдарламасы алғаш рет Алматыда 2014 жылғы сәуірде «Достастықтың мәдени астаналары» мемлекетаралық бағдарламасында таныстырылды.

Сондай-ақ Алмас Серкебаев концертке арнайы аңызға айналған ұжымның хиттары әуенімен «Фантазия» аспаптық шығармасын жазды.

«Біздің өнер көрсетуіміз Мәскеумен және Алматымен шектеліп қалмайды. Келесі жылы да біз осындай бағдарламамен басқа да қалаларда концерт береміз, бұл жобаға жергілікті оркестрлерді де тартамыз. Бұл әдеттегіден өте әдемі шоу болмақ, біздің серпінді хиттарымыз мүлдем жаңаша естілетін болады», деп атап өтті Байғали Серкебаев.