А.Сүлейменов әскери самбодан екінші мәрте әлем чемпионы атанды!

АСТАНА. ҚазАқпарат - Марокконың Касабланка қаласында өтіп жатқан самбодан әлем чемпионатының соңғы күнінде қазақстандық Алмас Сүлейменов жеңімпаз атанды.

А.Сүлейменов әскери самбодан екінші мәрте әлем чемпионы атанды!

Халықаралық самбо федерациясының ресми сайтынан тікелей эфирде көрсеткеніндей, әскери самбодан сынға түскен Алмас 52 келі салмақта ресейлік Амыр Бакрасовпен финалда күш сынасты. Көп ұзамай-ақ қазақстандық спортшы тамаша әдіс қолданып, қарсыласын алып ұрып, бірден төрт ұпайға ие болды. Содан кейін ауырту әдісін қолданып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Айта кетейік, бұдан бір жыл бұрын Жапонияның Нарита қаласында осы самбошылар соңғы бәсекеде белдескен болатын. Онда да Алмас қарсыласын тізе бүктірген еді. Сөйтіп ол әскери самбодан екі мәрте қатарынан әлем чемпионы атанып отыр.