А.Тәжаяқов АҚШ түрмесінде 3,5 жыл отыруға кесілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ соты 2013 жылғы Бостондағы лаңкестік актісі бойынша сотталған Джохар Царнаевтың досы қазақстандық Азамат Тәжаяқов лаңкестік актіні тергеуге кедергі жасағаны үшін 42 айға түрмеге отыруға сотталды.

А.Тәжаяқов АҚШ түрмесінде 3,5 жыл отыруға кесілді

Шілдеде АҚШ алқабилер соты Тәжаяқовты лаңкестік актіні тергеуге кедергі келтіруге айыпты және осы мақсатпен мәміледе болды деп таныды. Бұдан бұрын айыптау қорытындысымен ол 25 жыл түрмеде отыруы мүмкін деп хабарланған еді, деп жазады РИА Новости.

Еске сала кетейік, 2013 жылғы 15 сәуірде халықаралық марафон кезінде Бостонда екі жарылыс болды. Лаңкестік актінің салдарынан үш адам қаза болды, тағы 260 адам әртүрлі жарақат алды. Бірнеше күн өткеннен кейін оны жасауға күдіктелген Тамерлан Царнаев полицейлермен атыста оққа ұшты. Джохар Царнаев бой тасалады, бірақ та кейінірек ол ұсталды. Лаңкестік акті жасаудан басқа ол полицейді өлтіруге де айыпталды.

ФББ мәліметтері бойынша, Тәжаяқов пен Қадырбаев өздерінің жолдастары Джохар Царнаевтың бөлмесіндегі айғақтарды жоюға тырысты. Олардың қоқысқа тастаған айғақтарын кейіннен АҚШ арнайы қызметінің қызметкерлері тапты. Қазақстанның қос азаматы Царнаевпен Массачусетстегі университеттен таныс болатын. Бұдан бұрын ФББ жарылыс қондырғысын әзірлеу үшін пайдаланылған құралдарды бөлмеден қалай шығарғаны туралы олардың айғақтарын жариялаған болатын.