«А» тұмауының вакцинасы табылатын күн де алыс емес
МӘСКЕУ. Шілденің 25-і. ҚазАқпарат - «А» H1N1 тұмауын жұқтырған 150 мың адамның 800-і көз жұмды.
Бұл қалай болғанда да кәдімгі тұмаумен салыстырғанда өлім деңгейінің аз екенін көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ru.euronews.net сайтына сілтеме жасап. Алайда «доңыз тұмауы» деп аталатын вирус әлемнің 160 елін қамтыды және жақын арада барлық елдерге жаппай тарайтын болады, деп хабарлады Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы.
«Біздер вирустың бүкіл әлем бойынша барынша жылдам таралуын көріп отырмыз, - дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі. - Осы аурудың шыққанына бар-жоғы 3-4 айдың жүзі болды және бұл барынша қысқа мерзім. Сонымен қатар, дүниежүзі бойынша жаңа вирустың таралуын тоқтатуға әзірге мұршамыз келмейтіні де түсінікті».
А Н1N1 тұмауынан алғашқы вакцина ағымдағы жылғы қыркүйекте алынады деп ұйғарылып отыр. Бірақ оны жаппай шығаруды 2010 жылдан бұрын қолға алудың сәті түсе қоймауы мүмкін - клиникалық сынақтан өткізу, лицензия алу керек.
Алайда ауырғандардың санының барынша өсе түсуі - ғалымдар мен фармацевттерге вакцинаны әзірлеу бойынша жұмыстарды жеңілдетері сөзсіз. Әзірге А тұмауы қолда бар тұмауға қарсы қолданылатын Тамифлу препаратымен емделуде.