А.Винокуров ел Президентін сайлауға қатысу үшін Қазақстанға арнайы ұшып келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі спортшы, «Pro Team Astana» велокомандасының жетекшісі Александр Винокуров кезектен тыс президенттік сайлауда дауыс беру үшін арнайы Қазақстанға ұшып келді.
Бұл туралы велошабандоз әлеуметтік желідегі өз парақшасында хабарлады.
«Мен бүгін таңертең өзімнің азаматтық борышымды орындау үшін, ел Президентін сайлауға қатысу үшін ұшып келдім», - деп жазды ол.