А. Винокуров Винчецо Нибалидің Astana Pro Team құрамасынан кетуі жөніндегі сыбыстарға қатысты мәлімдеме жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Astana Pro Team бас менеджері Александр Винокуров испаниялық AS газеті бейсенбі күні Винченцо Нибалидің ағымдағы маусымда кетуі жөнінде таратқан сыбысқа қатысты мәлімдеме жасады.

А. Винокуров Винчецо Нибалидің Astana Pro Team құрамасынан кетуі жөніндегі сыбыстарға қатысты мәлімдеме жасады

Бұл Нибалидің "Тур де Франс-2015" сынындағы төмен көрсеткіштерімен байланысты.

"Винченцо Нибалидің маусым соңында командадан кетуі мәселесі көтерілген емес, ол құрамада жақсы жұмыс істейді", - деп атап өтті Александр Винокуров.