Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

А. Винокуровтың Олимпиададағы велосипедінің аукциондағы бастапқы бағасы 50 мың АҚШ долларын құрамақ

АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Александр Винокуровтың Лондон Олимпиадасында мінген велосипедінің аукцион барысындағы бастапқы бағасы 50 мың АҚШ долларынан басталмақ. Бұл жайында ол бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

А. Винокуровтың Олимпиададағы велосипедінің аукциондағы бастапқы бағасы 50 мың АҚШ долларын құрамақ

«Жақын арада, яғни қыркүйектің басында велосипедті аукцион арқылы өткізіп, түскен  қаржыны балалар үйлеріне қайырымдылық түрінде тапсыру шешімін жасадым»,-деді ол.

Сонымен қатар, Олимпиадада алтын медальға қол жеткізген велосипедтің аукцион барысындағы бастапқы бағасы қанша болады деген сауалға А. Винокуров: «әлі де бұл жайында ойланған жоқпыз. Олимпиада «алтынын» жеңіп алған велосипедтің бастапқы бағасы  кем дегенде 50 мың АҚШ долларынан басталуы лайықты болар. Сондықтан оның саудасынан неғұрлым көп табыс жасасақ, соғұрлым қомақты қаржы балалар үйлеріне аударылады»,-деп түйіндеді ол.

Сонымен қатар ол өз сөзінде Тұманды Альбиондағы жарыс барысында велосипедтің техникалық жағдайы өте жақсы болғанын және оның ешқандай кемшіліктері байқалмағанын жеткізді.